Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Бірге қолдайық – бірге табысқа жетейік» атты ата-аналар жиналысы
2025 жылдың 1 қазанында 11-сынып ата-аналарының қатысуымен «Бірге қолдайық – бірге табысқа жетейік» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың негізгі мақсаты – оқушылардың оқу жетістіктерін талқылау, оқу жылының ерекшеліктерімен таныстыру және мектеп пен ата-ана арасындағы серіктестікті нығайту болды.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:
1. Оқу жылының мақсаттары мен ерекшеліктері.
2. Оқушылардың үлгерімі мен тәртібі туралы ақпарат.
3. ҰБТ-ға дайындық барысы мен оқушыларға психологиялық қолдау.
4. Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және бала қауіпсіздігі.
5. Ата-аналармен бірлескен жұмыстар мен ұсыныстар.
Жиналыс барысында сынып жетекшісі ата-аналармен оқушының жауапкершілігі, оқу үрдісіне белсенді қатысуы және үй мен мектептің бірлескен еңбегі туралы ой бөлісті. Сондай-ақ, ата-аналарға ҰБТ кезеңінде баланы психологиялық тұрғыдан қолдау, тәртіп пен күн тәртібін сақтау жөнінде ұсыныстар берілді.
Кездесуде ата-аналар өз пікірлерін ортаға салып, оқу үдерісін жетілдіру жолдарын талқылады. Мектеп пен ата-ананың өзара түсіністігі мен қолдауы – оқушының табысты болашағына негіз болатыны атап өтілді.
Жиналыс нәтижесінде ата-аналармен бірлесе әрекет ету арқылы оқу жылының мақсатына жету және балаларды табысқа жетелеу бағытында нақты жоспар құрылды.