Түркістан облысы Шардара ауданының білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп кітапханасында, 13-наурыз күні кітапханашылардың ұйымдастыруымен ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету,рухани мұрамызды сақтау, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту мақсатында, «Бір ел-бір кітап»-2025 акциясы аясында енген «Бір дәуірдің қос үні» Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтың кітаптарын оқырмандарға Г.Айдарова мен Қ.Досымбаева насихаттады.