Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебінде, сәуір айының 28 - і күні «Білімнің негізі-бастауыш» апталығының жабылуына байланысты, салтанатты жиын өткізілді.Жиынға Шардара аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Гүлжан Илесова, директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі Ж.Айдарова, директордың ғылыми жоба жөніндегі орынбасары Г.Бердібекова қатысты.
Бір аптаға созылған бастауыш апталығының берері мол болды. Мектеп мұғалімдері үшін де үлкен тәжірибе алмасу алаңы болды. Оқушылар талпына қызығушылықпен қатысты. Белсене қатысқан оқушылар арнайы дипломдармен марапатталды.
Ендеше ,осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытқан ,бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған ,ұстаздарға қандай мақтау айтсақта, жарасар.Ұстаздардың дендеріне саулық,еңбектеріне табыс тілейміз.