Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2024 жылдың 24 - мамыр күні 10 «Ә» сыныбының жетекшісі А.Сайманова «Білімім - Отаныма» тақырыбында 2023 - 2024 оқу - жылын қорытындысы бойынша, оқушылар ұстаздарын құрметтеуге, білім ұясына қамқор болып, білім алуға құштар болуға тәрбиелеу мақсатында тәрбие сағатын ұйымдастырып өткізді. Тәрбие сағаты сағат 9.00 де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталып, ҚР Оқу - ағарту министрі Ғ.Бейсенбаевтың құттықтауы бейнеролик арқылы көрсетілді.
Өткен оқу маусымында білім мен өнерде, спорт пен шығармашылықта үздік нәтижеге қол жеткізген оқушылар марапатталды.