Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2024 жылдың 24 - мамыр күні 1 - 11 сынып оқушыларына «Білімім - Отаныма» тақырыптық тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаты сағат 9 - 00 де бірмезгілде әнұранмен басталды. ҚР Оқу - ағарту министірлігінің жалпы республиканың білім алушыларына құттықтау сөзі тыңдалды. Әр баланың жақсы қасиеті, үлгілі істері, ерлік көрсеткен тұстарына ерекше назар аударып, марапатталды. Ал 9 - 11 сынып түлектері үшін “Мен. Мектеп. Ұстаз” тақырыбында мектеп қабырғасында балалық шақтан болашаққа қадам туралы эссе жазылды. Мақсаты:балаларды, ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу.