Қазақстан Республикасы оқу - ағарту министрлігінің 2023 - 2024 оқу жылын қорытындылау туралы әдістемелік ұсыным негізінде, орта білім беру ұйымдарында мектеп бітіру іс - шараларын өткізу туралы тұжырымдамасына сәйкес, Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 4 «Б» сынып жетекшісі Ескараева Сулухан Еркебаевна «Білімім - Отаныма» атты тәрбие сағатын өтті. Білім мен өнерді ұштастыра отырып, іс - шараға сынып оқушылары белсене қатысты. Онда Отанға деген құрметін көрсетіп, өлеңдер оқып, еліміздің көрікті жерлерін, ақын - жазушылар, қазақ батырлары туралы әңгімелер айтылып, мектебіне ыстық ықыласын, ұстазға алғысын білдірді. Қоғамдық - мәдени іс - шараға директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А. Байқоңырова, ата - аналар арасынан ұйымдастыру комитеті Молдабекова Назигул, ата - ана Таймуратова Лаура қатысты. Ата - аналар балалардың жыл бойы алған білім жетістіктеріне тоқталып, ұстазға алғысын білдірді.