Бердібек Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің 3 "А" сынып жетекшісі Кудайбергенова Нагима Опахановна
"Білімім - Отаныма" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру, жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой - өрісін, дүние танымын кеңейту, іскерлік қасиетін дамыту. Сөйлеу қабілеттерін шыңдау, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.
Мемлекеттік тілімізді сүйе білуге үйрету. Туған елін, жерін құрметтейтін саналы ізденімпаз болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының әнұранын орындаумен басталды.
Оқушыларды 2 топқа бөлініп, қызықты тапсырмаларды орындады. Отан, тіл, білім, ана туралы өлең шумақтарын мәнерлеп айтып және би билеп, көрермендерді тәнті етті.
Сабақ барысында "Сиқырлы қорап" ойынын ойнады.
Сабақтың мақсаты өз дәрежесіне жетіп, оқушылардың Отанға, білімге деген құштарлығын арттыра түсті деген сенімдеміз.
Сабақ соңы "Бүгінгі партада отырған оқушы - ертеңгі азамат, ел патриоты. Ұрпағы білімді халықтың болашағы зор болады" деген сөзбен түйінделді.
Сондықтан, жарқын болашақ жолындағы игі істеріміз арта берсін!