Түркістан облысы Білім басқармасының "Білім беруді дамыту орталығының“ жұмыс жоспарына сәйкес, 07.10.2024ж хаты негізінде, Шардара аудандық Білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 14-24 қазан күндері аралығында "Аралас мектептерде мемлекеттік тілдің оқытылу сапасын жетілдіру" жобасы аясында "Аралас мектептердегі мемлекеттік тілдің оқытылу сапасын арттыру: мақсат, функционалды сауаттылық, патриотизм " тақырыбында онкүндіктің ашылуы болып өтті.
Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында мемлекеттік ұйымдарда қазақ тілін меңгеру деңгейін арттыру, жазбаша және ауызша сөйлеу мәдениетін арттыру үшін әдістемелік қамтамасыз ету. Этностық топтардың тілдерін дамыту бойынша этномәдени бірлестіктер базасында мемлекеттік тілді үйрету жұмыстарын жолға қою.