Түркістан облысы, Шардара ауданы, Шардара қаласы Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі Жер бетінде адам өмір өткізер,Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.Бар ізгілік тек білімнен алынар.
Білімменен аспанға жол салынар, -деп Ж. Баласағұни айтқандай, бүгінгі күнде ел болашағы жасөспірімдердің сапалы білім мен саналы тәрбиесіне тікелей байланысты.
Сол білімнің көзі бастауышта біріледі емес пе?
Сондықтан біздің мектебімізде бастауыш сыныптар арасында 23-27қыркүйек аралығына жоспарланған апталық «Болашаққа жол бастар, бастауыш-білім данасы» деген атаумен өз жұмысын бастады.Апталықтың мақсаты: Оқушылардың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, логикалық ойлау, шапшаңдық, ізденімпаздық, іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, өз пікірін қорғай алуға үйрету. Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру мақсатын көздейді.Апталықтың жұмыс-жоспары бойынша ашылу сәті таңертең ұйымдастырылды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Айдарова Жеңіскул Сатбековна өз сөзінде,бүгінгі апталықтың ашылуымен құттықтай отырып,оқушыларға оқуда сәт-сапар тіледі. Бастауыш бірлестігінің ұйымдастырған түрлі тапсырмалары беріліп,ойындар ойнатылып, оқушыларға сыйлықтар үлестірілді. 23.09.2024 ж бастауыш сынып мұғалімі Жуманазарова Гульнар Тожибаевна математика пәнінен " Көбейту және бөлу амалдарын орындаудағы 1 санының қасиеті " тақырыбында 3"А" сыныбымен ашық сабақ өтті.Сабақтың мақсаты: көбейту мен бөлу амалдарын орындаудағы 1 санының қасиетін оқушыларға меңгерту, білу, қолдану. Сабақтың тақырыбын " Мюсенберг " әдісімен ашып," Кім жылдам?" ойынымен өткенді пысықтады. Сонымен қатар сабақта "Сәйкестендір", “Қима қағаздар"," Биноколь" әдістері топтық ,жұптық жұмыстарда тиімді қолданылды.Wordwall программасында қызықты ойындар жүргізілді.