Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте “Болашаққа жол бастар, бастауыш - білім данасы” атты бастауыш сыныптар арасында апталық өтуде. Қыркүйек айының 24 - і күні 4 ” А” сынып жетекшісі Кудайбергенова Нагима Опахановна Әдебиеттік оқу пәнінен “Тәуелсіздік күні” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың мақсаты: шығарманың тақырыбын және негізгі ойды анықтау, автордың ойын, мәнін деректерді келтіре отырып дәлелдеуге үйрету. Отанын елін, жерін қорғауға сүюге тәрбиелеу. Сабақ барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелерін “Сандар сөйлейді” ойыны арқылы пысықтап, оқушыларға қызықты тапсырмаларды орындату арқылы сабақтың тақырыбын аша түсті". Тапқыр болсаң, тауып көр", “Жоғалған сөздер” ойыны арқылы оқушылар өз білімдерін шыңдай түсті. Жасырынған сөздерді өлең ішінен тауып отыру арқылы өз ойларын жеткізіп отырды. Сабақ барысында "Сиқырлы шеңбер” және Wordwall платформасы арқылы қызықты тапсырмаларды орындап оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арта түсті. Сабақтың мақсаты өз дәрежесіне жетіп, оқушылардың Отанға білімге деген құштарлығын арттыра түсті деген сенімдеміз. Сабақтың соңында “Көк тудың желбірегені" әнін оқушылар хормен нақышына келтіре орындады.
“Тәуелсіз еліміздің ұрпағы білімді, халықтың болашағы зор болады” деген сөзбен түйінделді.