Б. Соқпақбаев атындағы білім беретін мектебінде 23. 09. 24 ж - 27. 09. 24 ж күндері аралығында бастауыш сыныптардың пән апталығы өтілуде. Қыркүйек айының 26 күні МАДТ "А" тобының тәрбиешісі Ширинбекова Нагимаш Тулешова "Математика негіздері" пәнінен "1 мен 5 сандары" тақырыбына ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: оқушыларды 1 мен 5 ке дейін тура және кері санауға үйрете отырып, оқушылардың ой - өрісін дамыту. Сабақ барысында оқушыларға ән, би, дене қимыл әдісі мен түрлі сәйкестендірілген көрнекіліктерді қолданды. Сабақ өте жақсы, қызықты өтті. Бастауыш сынып мұғалімі Мусилова Гаухар Құттыбековна 2 "Ә" сыныбында музыка сабағынан "Мен кішкентай әншімін" тақырыбына ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты:музыкалық көркемдеуші құралдардың көмегімен музыкалық сипатын анықтау. Сабақ барысында "Бауырсақ әдіс" және "Бұл қай аспап?" әдістерін қолданды. Қазақтың ұлттық құндылықтарын насихаттай отырып, музыкалық домбыра аспабын кеңінен түсіндірді. Сабақ өте жақсы өтті.
Бастауыш сынып мұғалімі Рысбекова Бану Амирхановна 26 кыркүйек күні 3 "Ә" сыныбында математика пәнінен "0 және 1 санымен амалдар орындау. Жақшалы өрнектердің мәнін табу" тақырыбына ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ой санасын жылдам, креативті ұшқыр ойлауға дамыту. Оқушыларды есепке деген қызығушылығын арттыру. Сабақ барысында математикалық амалдарды орындай отырып "Кім жалдам?" "Шеңберлі есеп"және "Пазл" әдістері арқылы есеп құрастырып шығарды. Сандай - ақ Wordwall платформасы арқылы "Домино" тапсырмаларын оқушылар қызыға орындап шықты. Сабақ өз дәрежесінде өтті.