Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – еліміздің егемендігі мен болашағына бағытталған жолымыздың айқын белгісі. Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың сан ғасырлық күресінің жемісі, ол бізге аманат болып қалды. Осы ұлы мерекеде біз халқымыздың бірлігін, мызғымас еркіндігін және қастерлі тәуелсіздігін атап өтіп, болашаққа деген үмітімізді тағы да бекітеміз.
Еліміздің дамуында білім мен ғылымның алар орны ерекше. Біз – жас ұрпаққа тәуелсіз елде бақытты болашақ құру үшін білім мен тәрбие беріп, оларды өз Отанының патриоттары етіп тәрбиелеу жолында еңбек етіп келеміз.
Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен тағы да құттықтай отырып, еліміздің әрбір азаматының жарқын болашағы үшін аянбай еңбек ете берейік!
Егемен еліміздің абыройы артып, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын!
Ізгі ниетпен:
Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектем КММ - нің директоры: Акбердиев Еркинали Дуйсенбекұлы