Түркістан облысы Шардара ауданы Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 2 "Ә" сыныбының бастауыш сынып мұғалімі Рысбекова Бану Амирхановна" Ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығының" тәрбие жұмысы жоспары бойынша 1 наурыз Алғыс айту күніне сәйкес келе отырып "Баланың басты ұстазы - ата - ана" тақырыбымен ата - ана жиналысы өтті.
Ата - ана отырысының мақсаты :Баланың тәрбиесінде отбасы ең үлкен мықты тәрбие ошағы екендігін түсіне отырып баланың заманына лайықты азамат болып өсуі -ананың ақ сүтімен ,абзал тәрбиесінің жемісі екенін түсіндіру.
Жиналыс барысында. Ой толғау ,тест және тақырыптық тапсырмаларды ата - аналар белсенділік таныта отырып орындады.Ата - ана жиналысы алғыс айту мерекесімен ұштастырып үйлесе отырып өз деңгейінде өтті.