Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz
Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде, 2024 жыл 19 сәуір күні, балалар әдебиетінің бәйтерегі, Бердібек Соқпақбаевтың туғанына – 100 жыл толуына орай , іс-шара өткізілді.Аудандық көлемінде өткізілген жиынға Ескараева Сулухан Еркебайқызы 4 «Б» сыныбы оқушыларымен әдеби-сазды қойылым түріндегі «Балалық шаққа саяхат» атты сабақ үлгісін ұсынды.Ең жас таланттар,бастауыш сынып оқушылары білімі мен актерлік шеберліктерін жоғары деңгейде көрсете білді.
Сабаққа аудандық білім бөлімінің әдіскері Айнұр Төреханова және директордың оқу ісі меңгерушілері,мектеп директорының оқу ісі орынбасары Ж.Айдарова ,бір қатар мұғалімдер енді.
Аудандық мектептерден келген мұғалімдер де сабақтың жоспары керемет ұйымдастырылғанын атап ,пікір қалдырған.
Оқушыларға жазушы өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білімдерін толықтыру,оқушылардың ой - өрісін, қызығушылығын ояту, сөйлеу және сахна мәдениетін қалыптастыруы өте жақсы жолға қойылған.
Үштілділік заман сұранысы. Жаһандық оқыту,шетел әдебиеттінің балалар жазушысы Аркадий Гайдар «Тимур және оның командасымен» ,Марк Твеннің «Том Сойермен» ,Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» повесіндегі Бектастың қасиеттерін «Қоржын» әдісі арқылы ұлттық құндылықты дәріптеуі мен салыстыра байланыстыруы , Бердібектің ұстазы Сағатбек ағайдың тәсілі «Қалам» әдісімен топқа бөлуі ұтымды болды.
«Айырағаш» әдісімен топтарға тапсырма үлестіруі бөлекше. «Компас» әдісі арқылы бағалауы сайма-сай болды. «Қалта» «Шопер» әдісімен тәттілер арқылы кері байланыс жасауы шеберлік ,деп атап өтуге тұрарлық.
Биылғы жыл болсын тек
Биылғы жыл болсын тек,
Қуанышқа толы боп.
Ұстаз мақтап шәкіртін,
Шәкірттердің жолы боп.
Шәкірт оқып сабағын,
Қуанышқа бөлесін.
Ұстаздары риза боп,
Шәкірттерін демесін.
Шәкірт, ұстаз бір болып,
Мектеп биыл жандансын.
Үздік шәкірт көбейіп,
Ұстаздары таңдансын.-дей келе ұстазға еңбегіңіз жемісті,шәкірттерге биік белестерден көріне берсін- дегіміз келеді.