Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz
Бала тәрбиесі - баршаға ортақ Мектепішілік ата-аналар жиналысы
Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде бала тәрбиесінің маңызды мәселелері мен мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Бала тәрбиесі - баршаға ортақ» тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа мектеп директоры Н.Сариев, ата-аналар комитетінің төрағасы О.Назарбеков, педагог-психологтар Л.Калиева мен Н.Халмуратова, ДТЖЖО А.Байқоңырова, әкелер кеңесінің төрағасы Т.Сахов, сондай-ақ жастар орталығының әдіскер мамандары қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер:
Жиналыстың негізгі мақсаттары мен күн тәртібінде бірнеше маңызды тақырыптар көтерілді. Олар:
1. ІІІ тоқсан қорытындысы және ҰБТ-ға дайындық жұмыстары
Бұл мәселе бойынша ДТЖЖО Л.Оналбаева сөз сөйлеп, оқушылардың оқу үлгерімін және ҰБТ-ға дайындық барысындағы жоспарларды ортаға салды.
2. Отбасы зорлық-зомбылықсыз аймақ
Педагог-психологтар Л.Калиева мен Н.Халмуратова отбасы ішіндегі зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалар мен ата-аналар арасындағы сенім мен түсіністікті арттырудың маңыздылығын атап өтті.
3. Отбасы тәрбие бастауы
Әкелер кеңесінің төрағасы Т.Сахов отбасының бала тәрбиесіндегі рөліне тоқталып, ата-аналардың балаларына деген жауапкершілігін арттыру қажеттілігін сөз етті.
4. Тәртіп мәселесі: ұялы телефон, мектеп формасы
ДТЖЖО А.Байқоңырова мектепте тәртіп сақтау мәселелерін, соның ішінде ұялы телефон қолдану мен мектеп формасын дұрыс кию қажеттілігін атап өтті.
5. Зиянды заттардан сақтану және жыныстық тиіспеушілік тәрбиесі
Жастар орталығының әдіскер мамандары оқушыларды зиянды заттардан сақтандыру және жыныстық тәрбиенің маңыздылығына ерекше көңіл бөлді. Бұл тақырыптар қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Жиналысты мектеп директоры Н.Сариев қорытындылап, мектеп пен отбасының бірлесіп жұмыс жасауы бала тәрбиесінде маңызды рөл атқаратынын жеткізді. Оның айтуынша, балалардың дұрыс тәрбие алуына тек мектеп қана емес, ата-аналар да жауапты. Сонымен қатар, жиналыс барысында әртүрлі мәселелер талқыланып, ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынас нығайтуға бағытталған ұсыныстар мен пікірлер айтылды.
Бұл жиналыс мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты арттырып, ата-аналарға балаларының жан дүниесін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Тәрбие жұмысының жетістігі, ең алдымен, бірлесе атқарылған жұмыстың нәтижесі екені сөзсіз.