Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Бала тәрбиесі - баршаға ортақ» тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы болып өтті.
Жиналысқа мектеп директоры Н. Сариев, ДТЖЖО А.Байқоңырова, Н.Ділдәбек, әкелер кеңесінің төрағасы Т. Сахов, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері Ш. Тасымбек, ата- аналар комитетінің төрағасы Р. Имашов қатысты.
Ата- аналар комитетінің төрағасы жиналыстың күн тәртібімен таныстырды.
Жиналыста құқықбұзушылықтың алдын-алу, қауіпсіз балалық шақ, отбасындағы балалар тәрбиесі жайында айтылды.
Жиын соңында мектеп директоры Н. Сариев жиналысты қорытындылап, тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беретінін айтты.