Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2025 жыл 1 -қазан күні 11-сынып оқушыларының ата-аналары арасында «Бала қызығушылығы мен мамандық таңдауы» тақырыбында маңызды жиналыс өтті.
Жиналыстың мақсаты – оқушылардың болашақ мамандық таңдаудағы бағыт-бағдарын айқындау, ата-аналардың кәсіби бағдар жұмысына белсенді қатысуын қамтамасыз ету.
Шараға мектеп директорының бейіндік жұмысы жөніндегі орынбасары және кәсіби бағдар педагогы, сынып жетекшілер, ата- аналар қатысты.
Г.Бердібекова өз сөзінде мектептегі бейіндік бағыттағы жұмыстар мен оқушылардың кәсіби бейімін қалыптастыруда «Дарын онлайн» білім беру платформасының маңызын атап өтті.
Кәсіби бағдар педагогы Р.Сопбекова оқушылардың қызығушылығын анықтауға бағытталған сауалнамалар мен тест жұмыстары туралы баяндап, ата-аналарға баланың қабілеті мен бейімін ескере отырып мамандық таңдауда қолдау көрсету қажеттігін түсіндірді.
Жиналыс соңында ата-аналар пікір білдіріп, кәсіби бағдар беру жұмыстарының өзекті әрі пайдалы екенін атап өтті.