Түркістан облысы, Шардара ауданы, Шардара қаласына қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 03. 10. 2024 ж күні мектепішілік 3 - 4 сыныптар арасында "АЛТЫН САҚА" математикалық олимпиадасы өткізілді. Олимпиада ережелері қатаң сақталып, мақсаттары мен міндеттері орындалды. Олимпиаданың мақсаты: 1. Математика пәні бойынша қабілетті балаларды анықтау; 2. Математика пәні бойынша оқушыларды ғылымға баулу; 3. Оқушыларды математикалық тұрғыдан ұшқыр ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру;
4. Математика пәні мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуына ықпал жасау;Олимпиадаға алдын ала дайындалған жоспар бойынша 3 - 4 "А" "Ә" "Б" сыныптарынан жалпы 14 оқушы қатысты. Олимпиаданың комиссия төрағасы : ОЖЖО Айдарова Ж. С, комиссия мүшелері : БЖ Атабаева Н. Б және Уалиханова Ш. О болып тағайындалды. Олимпиада нәтижесінде аудандық кезеңге төмендегі оқушылар өтті:
3 "А" сыныбы Рысбек Гулжайна.
3 "Б" сыныбы Напоров Данил Валерьевич.
4 "Ә" сыныбы Жаңбырбай Еркеназ.
4 "Б" сыныбы Қожахмет Айдар Талғатұлы. Айдарова Ж. С барлық оқушыларды бүгінгі жеңістерімен құттықтай отырып, келесі кезеңге сәттілік тіледі...