Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте 22 қаңтар күні математика, физика, информатика әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен “Әлемнің ғажайып үш тірегі” атты апталықтың ашылу салтанаты өтті.
Мақсаты: Оқушылардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, ой - өрісін дамыту, өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру. Апталық 22 - 26 қаңтар аралығына жоспарланған. Ашылу салтанатына ұстаздар, оқушылар қатысты. Математика, физика, информатика пәні бірлестігінің мұғалімдері оқушыларды, апталық бағдарламасымен таныстырып, белсенді қатысуға шақырды. Оқушылардың зейінін арттыру мақсатында ашылу салтанатында түрлі ойындар ұйымдастырып, жақсы көңіл күй сыйлады.