Мақсаты: Оқушылардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, ой - өрісін дамыту, өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
Апталық барысында пән мұғалімдері төмендегідей ашық сабақтар өтті. Физика пәні мұғалімі М.Оразкулова 8 «В» сыныбымен «Закон Ома для участка цепи», математика пән мұғалімі Г. Алимбекова 7 «Ә» сыныбымен «Қысқаша көбейту формулалары» , математика пән мұғалімі Д. Медеубеков 11 «Ә» сыныбымен «Конус және оның элементтері» , математика пән мұғалімі С.Ниязымбетова 5 «Ә» сыныбымен «Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру» , математика пән мұғалімі К.Танекова 5 «Б» сыныбымен «Сложение и вычитание десятичных дробей», информатика пән мұғалімі Н. Нұрсейтова 5 «Ә» сыныбымен «Робот техниканың тарихы және оның келешегі» ,9«Ә» сыныбымен математика пән мұғалімі С.Демеуова «Тригонометриялық тепе - теңдіктер», физика пән мұғалімі Н. Сұлтанова 10 «Ә» сыныбымен «Электр сыйымдылық. Конденсаторлар», математика пән мұғалімі Е.Сугирбаев 8«А» сыныбымен «Параллелограмм мен ромбының аудандары», информатика пән мұғалімі Ж. Омарова 6 «Б» сыныбымен «Деректер типтері» тақырыптарында ашық сабақтар өтті . Сабақтарда ұстаздарымыз тиімді әдіс - тәсілдер мен заманауи педагогикалық техналгоияларды тиімді пайдалана алды. Апталық өз дәрежесінде өтті. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырды деген сенімдеміз.