Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды.
1. 9 сыныптарды қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру туралы
2. «Мамандық таңдаудағы ата - ананың ролі»
3. Әртүрлі мәселелер
Бірінші мәселе бойынша мектеп директорының оқу жұмысы орынбасары Л.Оңалбаева Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 304 бұйрығы негізінде 9 және 11 сыныптарды бітірушілерге қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру туралы , «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген талаптарын орындау туралы шығарылған мектеп директорының бұйрығымен, түзілген іс - шаралар жоспарымен , ережелерімен толықтай таныстырып өтті. Екінші мәселе бойынша бейіндік оқыту орынбасары Г.Бердибекова « Ата - ананың мамандық таңдаудағы ролі» тақырыбында мамандық таңдауға байланысты ата - аналарға арналған жадынамамен таныстырды. Келесі оқу жылында оқушылардың қоғамдық - гуманитарлық, жаратылыстану - математикалық бағытқа бөлініп оқытылатыны туралы егжей - тегжейлі түсіндірді. Қазіргі таңдағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша слайд арқылы толық мәліметтер беріп, ата - аналарға баларымыздың мамандық таңдаудан жаңылмай , болашақта өз жұмысынан бақыт тауып , қоғамымыздың бір кірпіші болып дұрыс қалануына себепкер болуға шақырды. Кәсіби бағдар беру педагогы Р.Сопбекова ата - аналарға арналған анкеталық сауалнамалар алып, жеке кеңес беріп, қосымша сұрақтар бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады.