«Б.Соқпақбаев жалпы білім беретін мектебінде» апталық іс-шаралар өтті
Шардара ауданының білім бөлімі, «Түркістан облысының психологиялық қолдау орталығының» 2025 жылғы 17 қыркүйектегі №06-01/310 хатына сәйкес, 22–26 қыркүйек аралығында мектебімізде кәмелеттік жасқа толмағандар арасында өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу мақсатында апталық жоспар негізінде бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Апталық аясындағы іс-шаралар:
1-күн: Ақпараттық түсіндіру күні (22.09.2025)
«Өз эмоцияңды таны – өзіңе көмектес»
«Ауырсыну емес – тыңдалу қажет!»
«Ішкі күйзелісті қауіпсіз шығару жолдары»
Мектептің ақпараттық стенді арқылы пайдалы кеңестер мен мотивациялық мәліметтер ұсынылды.
2-күн: Сенім мен қолдау күні (23.09.2025)
Бейнероликтер көрсетіліп, «Жалғыз емессің – біз бармыз!», «Сенім – ең мықты терапия», «Қолдау көрсетуді қалай үйренеміз?» тақырыптарында терең талқылау жүргізілді.
Анонимді сауалнама: «Менің ішкі әлемім» ұйымдастырылып, жастар арасында позитивті ой қалыптастыруға ықпал етті.
3-күн: Эмоцияны басқару күні (24.09.2025)
«Эмоциялар бізге қарсы емес – біз үшін», «Ашу мен күйзелісті қалай қауіпсіз басқаруға болады?», «Менің эмоциям – менің күшім» атты тренинг сабақтар өтті.
Оқушылар өз эмоцияларын тануға және басқаруға бағытталған практикалық жаттығулар орындады.
4-күн: Өзін қабылдау күні (25.09.2025)
«Өз құндылығыңды таны», «Салыстыру емес – қабылдау маңызды», «Мен – жалғыз әрі қайталанбас тұлғамын» тақырыптарында психологиялық кеңес беру өткізілді.
Оқушылар өзін-өзі құрметтеу мен қабылдаудың маңыздылығын түсінді.
5-күн: Достық пен қарым-қатынас күні (25.09.2025)
«Дос болу – тірек болу», «Қарым-қатынас – ішкі күштің көзі», «Көмек сұрау – әлсіздік емес, даналық» атты практикалық сабақтар өтті.
Оқушылар мен мұғалімдер арасында ашық диалог пен сенімді қарым-қатынас орнады.
6-күн: Ата-аналармен жұмыс күні (25.09.2025)
«Бала дауысы – жүрек үні. Тыңдай білейік», «Өз балаңның эмоционалдық әлемін түсін», «Жарақаттаушы сөздерден – емдуші сөздерге» тақырыптарында ашық есік күні, дөңгелек үстел және кеңес беру өтті.
7-күн: Қорытынды және арт-терапия күні (26.09.2025)
«Менің болашақтағы өмірім» сурет көрмесі, «Сөзден суретке – өзімді түсіну», «Күйзелісті шығармашылықпен жеңу» атты арт-терапиялық жұмыстар ұйымдастырылды.
Оқушылар өз эмоцияларын шығармашылық арқылы жеткізіп, ішкі әлеміне үңілді.
Апталықтың нәтижесі: