«Б.Соқпақбаев жалпы білім беретін мектебінде» апталық іс-шаралар өтті
22–26 қыркүйек аралығында мектебімізде кәмелетке толмағандар арасындағы өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу мақсатында апталық жоспар аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
мектеп психологтарының ұйымдастыруымен 11 сынып оқушыларына арналған «Менің эмоциям — менің күшім» тақырыбындағы психологиялық тренинг өткізілді.
Тренинг мақсаты:
Оқушылардың эмоционалдық интеллектін дамыту, ішкі күйзелістермен күресу жолдарын меңгерту, өз эмоцияларын түсініп, оларды тиімді басқаруға үйрету.
Тренинг бағдарламасы:
«Эмоцияны таны» танымдық ойыны
Рөлдік ойындар: «Эмоция және жағдай»
Топтық жұмыс: «Менің эмоциям – менің күшім»
Медитация және тыныс алу техникасы
Кері байланыс: «Эмоциялық термометр», пікір алмасу
Нәтижесі:
Қатысушылар тренингке белсенділікпен қатысып, эмоциямен жұмыс істеу тәсілдерін меңгерді. Өзара сенімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік алды. Кері байланыс кезінде оқушылар тренингтің пайдалы әрі қызықты болғанын атап өтті.