Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте ата- аналар жиналысы өтті.
Мақсаты: құқықбұзушылықтың алдын алу, қылмыстықтық істерден оқушыларды аулақ ету.
Жиынға аудандық прокуратурасының прокуроры Әшімхан Сәбит Бақтыбайұлы аудандық білім бөлімінің әдіскері Г.Шамиева, ата- аналар мен оқушылар және мектеп мұғалімдері қатысты.
Өз кезегінде аудан прокуратурасының прокуроры Әшімхан Сәбит Бақтыбайұлы сөз сөйлеп, құқық бұзушылық туралы, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігін алдын алу бойынша, сондай-ақ жастар арасында болып жатқан қылмыстың түрлі мәселелеріне тоқталды.
Мұнан соң Н.Абілдаев. Г. Шамиева “Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру арқылы оларды дұрыс жолмен жүруді үйретеміз.
Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру өте маңызды. Осы ретте кәмелетке толмаған балалар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында аудандағы білім саласымен біргелікте түрлі форматта іс шаралар кешені ұйымдастырылып келеді. Осы тұста жоғары сынып оқушыларына құқықтық тәрбие беру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, алдын алу және оны болдырмау мақсатында нашақорлыққа, суицидке жол бермеу, қыздар арасындағы ерте жүктіліктің, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы, осы мақсатта құқық бұзушылықтың алдын алу және олармен күресу жолдары бойынша жиындар жиі өткізілуде,- деді.
Мұнан соң бүгінгі тақырыпқа қатысты мән- мағынасы зор бейнеролик көрсетілді. Және де оқушылардың ойларында жүрген сұрақтарға келген қонақтарымыз жауап берді.