«Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде» тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды
Түркістан облысы, Шардара ауданы, Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында,
«Түркістан облысының психологиялық қолдау орталығының» 2025 жылғы 17 қыркүйектегі №06-01/310 хатына және
Түркістан облысы білім басқармасының 08.09.2025 жылғы хаттамалық тапсырмасына сәйкес
22–26 қыркүйек аралығында мектебімізде кәмелетке толмағандар арасында өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу мақсатында апталық іс-шаралар кешені ұйымдастырылды.
Апталықтың мақсаты:
Оқушылардың психикалық-эмоционалдық саулығын сақтау, ішкі күйзеліс пен стресс жағдайларымен күресуге көмектесу, өз эмоцияларын тану және тиімді басқару дағдыларын дамыту.
Апталық аясында өткізілген іс-шаралар:
Ақпараттық-түсіндіру күні
«Менің эмоциям — менің күшім» психологиялық тренингі
Ашық әңгімелер, рөлдік ойындар, тыныс алу мен медитациялық жаттығулар
Арнайы ақпараттық бұрыш пен тақырыптық стендтер
Оқушылармен жеке және топтық кеңес беру жұмыстары
Іс-шараларды ұйымдастырған:
Мектеп әкімшілігі, педагог-психологтар, әлеуметтік педагог, сынып жетекшілер мен кәсіби бағдар беруші мамандар.
Нәтижесі:
Оқушылар белсенділік танытып, өз ішкі сезімдерін тану, эмоцияларды басқару, күйзелістен шығу жолдарын меңгерді. Тренингтер мен түсіндіру жұмыстарының маңыздылығы кері байланыс арқылы анық көрінді.