Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде өрт қауіпсіздігі жөнінде түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Мектепте өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары Е.Жусипов мектеп ұжымымен арнайы түсіндірме жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында:
- Өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормативтік талаптар түсіндірілді;
- Мектеп ғимаратындағы эвакуациялық жолдар мен өрт сөндіру құралдарын дұрыс қолдану жолдары айтылды;
- Қызметкерлердің төтенше жағдайда қалай әрекет етуі керектігі нақты мысалдармен жеткізілді;
- Электр желілері мен жабдықтарды дұрыс пайдалану, тұрмыстық құралдардың қауіпсіздігі ескертілді.
Ұжым мүшелері белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Бұл түсіндіру жұмысы ұжым мүшелерінің жауапкершілігін арттырып, қауіпсіз еңбек пен оқу ортасын қалыптастыруға бағытталды.Мектеп электригі Бекмұратов Бекзат мектепте электр жүйесін дұрыс пайдалану ережелерін толық түсіндіріп өтті.