Оқу мен оқытудағы іс - әрекетті зерттеу бойынша бақылауға алынған 4 және 9 сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері қатысты. Директордың бейіндік оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Бердибекова бақылау мен басшылық бойынша презентация жасап, жұмыс барысымен таныстырды.
Шығармашылық топ жетекшісі география пәні мұғалімі Н.Қосаева І жартыжылдықта атқарылған топ жұмысына талдау жасап, мониторинг арқылы салыстырмалы түрде тоқталды. Алдағы уақытта жұмысты ары қарай жалғастыру барысын талдап, біргелікте білім сапасын арттыру жолында жасалатын жұмыс мазмұнымен таныстырды. Әріптестер өз ойларын ортаға салып, бірлесе жұмыс атқарып, нәтижесінде жетістіккке жетуді мақсат етті. Қорытынды бөлімде мектеп басшысы Е.Д. Акбердиев ұстаздардың еңбегіне сәттілік тілеп, алдағы уақытта шығармашылық жұмысты жандандырып, жетістіктер жолында аянбай еңбек етуге шақырды.