Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі.Мектеп парламенті Президентінің Инагурациясы 27қазан күні Республика бойынша бірегей уақытта мектеп Президенті Инагурациясы өткізілді, яғни барлық оқушылар инагурацияны жоғары дәрежеде өткізіп, мектеп Президенті Ант қабылдап өзін таныстырды.Салтанатты жиыннан бейне ролик түсіріп, суреттер мәліметтері мен жолданды.Салтанатты жиында парламенттің бұрынғы Президенті, сайланған президентке мектептің туын табыс етті, мектеп директоры Президентке тілектер айтып,іс-шара концерттік бағдарлама мен ұласып,салтанатты түрде "Көк тудың желбірегені" әнімен аяқталды.