Б. Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебінің тәрбие саласы бойынша 2021-2022 оқу жылында атқарылған іс-шараларының мәтіндік есебі.
2021-2022 оқу жылының алғашқы оқу күнін 1-ші қыркүйек күні «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында алғашқы қоңырауға арналған салтанатты жиынмен бастадық. Жазғы демалыстан көтеріңкі көңіл күймен келген, сондай-ақ алғаш мектеп қабырғасын аттаған оқушыларды Отан сүйгіштікке жауапкершілікке, адамгершілікке, Отанын қорғай отырып, Отанының қазынасы Әнұран, Елтаңба, Туын, Ата заңды көздің қарашығындай қорғап қоршаған ортаға құрмет сезімімен тәрбиелеу мақсатында өткізілген салтанатты жиын мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған 1-сынып бүлдіршіндерінің қатысуымен басталды. Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Г.Ганиева, өткен оқу жылындығы жетістіктерге тоқталып, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Биылғы оқу жылының ерекшелігі Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі Аймағанбетов Асхат Қанатұлының басшылығымен мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған бүлдіршіндерімізге «Әліппе» мен «Букварь» оқулықтарын сыйға тартып отыр, сол сыйлықты мектеп басшысы мен ұстаздар қауымы табыс етті.