Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 02 - 06.12. 2024 жылы мектепте “Тарих - география” пәндер апталығы аясында 04 - желтоқсан күні Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақты тарих пәнінің мұғалімі Тәттібек Мейірхан 7 “А” сынып оқушыларымен бірге ұйымдастырды. Сабақтың тақырыбы: 1836 - 1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі.
Сабақ барысында оқушылар әлеуметтік - әділетсіздік пен патша үкіметінің езгісіне, отарлаушылық саясатына қарсы қазақ шаруаларының көтерілісі, ұлт азаттық күрес мәселесі қарастырылды.
Интерактивті әдіс - тәсілдер қолданылып, оқушылар тақырыпқа терең талдау жасады.
Ашық сабақ өз мақсатына жетіп, оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттырды. Іс - шара апталықтың маңыздылығын тағы да бір айқындап берді.