Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы Шардара ауданы Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылғы 5 ақпан күні бейіндік оқыту және кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес мектебімізде "Бүгінгі оқушы - ертеңгі студент" атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты - оқушыларға мамандық таңдауда бағыт - бағдар беру, студенттік өмірдің ерекшеліктерімен таныстыру және жоғары білім алу жолдары туралы құнды ақпарат ұсыну. Кештің құрметті қонақтары - мектебіміздің түлектері, қазіргі таңда жоғары оқу орындарының студенттері атанған Жарылқап, Ерасыл, Жақсыбай Дәулет және Абдуғаппар Олжас болды. Олар өздерінің таңдаған мамандықтары туралы баяндап, университеттегі білім беру жүйесі, студенттік өмір, сабақ үлгерімі мен қоғамдық белсенділік жайында қызықты тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, оқушыларға ҰБТ - ға дайындық, мамандықты дұрыс таңдау, оқу мен жеке өмірді үйлестіру жөнінде маңызды кеңестер берілді. Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Университетке түсу жолдары, грант пен стипендия алу мүмкіндіктері, жатақханада тұру ерекшеліктері және студенттік кезеңнің қызықты сәттері туралы қызу әңгіме өрбіді. Шара соңында мектеп оқушылары түлектерге өз алғыстарын білдіріп, бұл кездесу болашаққа сеніммен қарауға және мамандық таңдауға үлкен көмек болғанын атап өтті. Осындай кездесулер жас түлектерге өмірлік маңызды шешімдер қабылдауда бағыт - бағдар беріп, олардың болашаққа деген құлшынысын арттыратыны сөзсіз.