Бұл шара мектеп ауласының көркін арттырып, табиғатты аялауға деген ықыласты нығайтты.
Отырғызылған гүлдер қатарында раушан, қызғалдақ, хризантема, лалагүл, түймедақ сынды сәндік өсімдіктер бар. Көктемде жайқалып гүлдейтін бұл өсімдіктер мектеп ауласына ерекше көрік беріп, жағымды атмосфера қалыптастырады.
Мұғалімдер мен оқушылар бірлесіп еңбек етіп, табиғатты күту мен көгалдандырудың маңыздылығын сезінді. Бұл шара баршаға жақсы көңіл күй сыйлап, қоршаған ортаны аялаудың бір көрінісіне айналды.