Бүгін Б. Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектепте ұстаздар мерекесіне орай спорттық ойындардан іс- шара болып өтті.Спорттық ойындарға мектебімізден 5 команда қатысты. Жарысқа қатысқан командалар спорттың дойбы, үстел теннисі және волейбол түрлерінен бақ сынасты.Жарысты мектеп директоры Н.Сариев ашып, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.Ойын өте тартысты әрі қызықты өтті. Қорытынды бойынша стол теннисінен 1- ші орынды Пірімжанов Серік, 2- ші орынды Жарилкапов Нұрлан, 3 - ші орынды Шерезданова Кристина иеленді. Ал дойбы ойыны бойынша 1- ші орынды Сариев Нұржан, 2- ші орынды Жарилкапов Нұрлан, ал 3- ші орынды Қалиева Жанат қанағат тұтты.Және де волейбол жарысынан бес команда құрылып, 1-2-3 орындарды иеленді.Жарысқа ұйымдастырған мектебіміздің спорт нұсқаушысы Рахымжан Имашев, барлық орын алған жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыстады.