Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Бердібек Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 4 “А”сынып жетекшісі Кудайбергенова Нагима Опахановна

'Біртұтас тәрбие' бағдарламасының ата-аналарды педагогикалық қолдау аясында “Аяулы менің-Анашым!” тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

Тәрбие сағатының мақсаты оқушыларға ата-анаға деген мейірімділікті ,сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.

Оқушы бойына отбасы мүшелерінің арасында арасындағы бауырмалдылық, қайырымдылық,ізгілік пен инабаттылық, биязылық сияқты жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Тәрбие сағаты барысында аналарға арналған жыр шумақтарын мәнерлеп айтып және қыздар тобының орындауындағы “Аяулы Ана”әнін нақышы келтіре орындап, аналарға арналған сыйлықтарын беріп, аналарды құрметке бөледі.Әсерлі әндері мен мың бұралған қыздарымыз би билеп көрермендерді тәнті етті.Ұлттық өнерімізді дәріптеп “Қыз бен жігіт”айтысы , сонымен қатар ата-аналармен ойындар және суретті ребустарды шешіп ,қызықты тапсырмаларды орындап, белсенді қатысып тәрбие сағатын қыздыра түсті.

Тәрбие сағаты өте әсерлі өтіп бала мен ата-ана арасында байланыс нықтала түсті деуге болады.