Түрістан облысы, Шардара ауданы білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылдың 08 сәуір күні бейіндік оқыту және кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес 8-сынып оқушыларымен қызығушылықты анықтауға арналған сауалнама жүргізілді.
Мақсатымыз: оқушылардың жеке қызығушылықтары мен бейімдерін анықтап, болашақ мамандық таңдауына дұрыс бағыт-бағдар беру. Сауалнама арқылы оқушылардың сүйікті пәндері, қосымша үйірмелерге қатысу белсенділігі, бос уақытты тиімді өткізу жолдары, өмірлік мақсаттары мен армандаған мамандықтары туралы мәліметтер жинақталды.
Сауалнама нәтижелері оқушылардың бейіміне қарай бейіндік бағытты таңдауға, кәсіби бағдарлау жұмысын жүйелі түрде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Мектебімізде осындай маңызды жұмыстардың жүргізілуі – әрбір оқушының болашағына немқұрайлы қарамай, олардың тұлғалық дамуына қолдау көрсету екенін айқындайды.