Түркістан облысы,Шардара аудандық Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оқушылардың қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру мақсатында өрт қауіпсіздігі бойынша сейсмо-жаттығуы болып өтті.
Жаттығу барысында штаб бастығы мектеп директоры Н. Сариев оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау маңыздылығын айтып, өз тәжірибесімен бөлісті және қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырды.Жаттығуға өрт сөндіру қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметі келіп қатысып, оқушыларға өрт кезінде дұрыс әрекет ету, қауіпсіз эвакуациялау, алғашқы медициналық көмек көрсету жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Дабыл белгісі берілгеннен кейін барлық сыныптар белгіленген бағытпен мектеп ауласында жиналып, эвакуация тәртібін тиісті талаптарға сай орындады. Қызметкерлер оқушылардың әрекеттерін бақылап, қосымша ұсыныстар мен нұсқаулықтар берді.