Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде
«Ұстазым, ұлағатым үлгі өнегем!» атты мерекелік кеш өтті.
Іс шараны мектеп басшысы Сариев Нұржан Тасмұратұлы ашып, ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, білім мен тәрбие жолындағы еңбектеріне ризашылығын білдірді. Ұжымға мықты денсаулық, шығармашылық табыс, шәкірт тәрбиелеу жолында жетістіктер тіледі.
Сондай-ақ, саналы ғұмырының басым бөлігін шәкірт тәрбиесіне, білім саласына қызмет етуге арнаған ардагер ұстаздарымыз Зүлей Әлия Ізтілеуқызы,
Шералиева Ирина Рашидовна,
Нарымбетова Гүлназ Сұлтанқызы қонақ болып келіп, мектебімізге ізгі тілектерін жылы естеліктерін айтып өтті. Ардагер ұстаздарымызға мектеп басшылығының атынан арнайы мерекелік Алғыс хаттар мен гүл шоқтары табыс етілді.
Мерекелік шарада оқушылар ұстаздарға деген ыстық лебіздерін әсем әнмен, мың бұралған билерімен жеткізді. Кеш өз деңгейінде керемет өтті. Барша ұстаздар қауымы да көңіл-күй сыйлаған оқушыларға өз ризашылықтарын білдірді.