Жасөспірімдердің өтпелі кезеңі - олардың өміріндегі ең маңызды әрі күрделі кезеңдердің бірі. Бұл уақытта баланың тұлғасы қалыптасып, өзін - өзі тану процесі жүреді. Жасөспірімге көмектесу - бұл ұзақ әрі тұрақты процесс. Әрқашан сабырлы, түсінікті және қолдаушы болуға тырысыңыз. Олар сіздің қолдауыңызға мұқтаж.
Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп педагог - психологтары 5 "А" сынып жетекшісі Р. Сопбековамен бірлесе отырып ата - аналарға арналған ағарту жұмыстарын және тренинг өткізді.
Мақсаты: Жасөспірімдердің өтпелі кезеңінің ерекшеліктерін ата - аналарға түсіндіру арқылы, осы кезеңде баладарына қолдау көрсетуге, дұрыс бағыт - бағдар беруге және олардың психологиялық жағдайын түсінуге көмектесу.
Міндеттері: Ата - аналардың жанұядағы бала тәрбиесіне жауапкершілігін арттыру. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Баланың отбасына деген махаббатын ояту.