Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Түркістан облысы, Шардара ауданы, Шардара қаласына қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 09.10.2025ж күні бастауыш сынып бірлестігінің 'Жасампаз ұрпақ-жарқын болашақ' атты апталықтың жоспарына сәйкес 1'А' сынып жетекшісі Н. Кудайбергенова математика пәнінен'10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту' тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақтың мақсаты: ондықтан аттамай бір таңбалы сандарды ауызша қосу және азайтуды орындау.
Сабақ барысында қызықты тапсырмалар орындау арқылы сабақтың тақырыбын аша түсті. ' Кім жылдам?', 'Кім тапқыр?', 'Күзгі жапырақтарды жинаймыз', 'Досыңмен ойна', Wordwall платформасындағы қызықты тапсырмаларды оқушылар жарыса орындап, пәнге деген қызығушылығы арта түсті. Сабақ қызықты, көңілді өтті.
3'А' сынып жетекшісі Ш. Уалиханова жаратылыстану пәнінен 'Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар ' тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта жасанды интеллект, 'Ойлан тап', 'Артығын тап', және теңіз жануарлары медуза туралы қызықты видеоны тамашалады.
1'Ә' сынып жетекшісі Б. Ораз математика пәнінен '10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту' тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: цифрды саннан ажырату, бір таңбалы сандарды түрлі тәсілдермен, таяқшалармен, сан сәулесінде көрсету.
Сабақ барысында ұлттық ойындар, 'Асық жинау','Мен білемін', Пирамида әдісі' арқылы қызықты тапсырмаларды орындап сабақты өз дәрежесінде өткізді.
Өткізілген сабақтардың мақсаттары өз дәрежесіне жетті. Оқушылардың Отанға, білімге деген құштарлығы арттыра түсті деген сенімдеміз. 'Тәуелсіз еліміздің ұрпағы білімді, халықтың болашағы зор болады ' деген сөзбен түйінделді. Сондықтан жарқын болашақ жолындағы игі істеріміз арта берсін!