Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz
Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде Наурыз мерекесін атап өтуге арналған АББ-нің 13.03.2024 жылғы № 465 санды хатына сәйкес іс-шара жоспары түзіліп, бекітілді. Жоспарға сәйкес 2024 жылыдың 19-наурыз күні 1-11 сыныптар арасында қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз мерекесінің мәнін түсіндіру мақсатында «Армысың, Әз-Наурыз!» атты концерттік бағдарлама жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.
Мерекелік шарада қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын насихаттайтын тұсау кесу рәсімі жасалып, өнерлі оқушылар нақышына келтіре ән салып би-билеп көрермендерді тәнті етті.
Наурыз-іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.
Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы-Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт-береке әкелсін.