Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде Наурыз мерекесін атап өтуге арналған АББ-нің 11.03.2025жылғы № 512санды хатына сәйкес іс-шара жоспары түзіліп, бекітілді. Жоспарға сәйкес 2025жылыдың 19-наурыз күні 1-11 сыныптар арасында қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз мерекесінің мәнін түсіндіру мақсатында «Армысың, Әз-Наурыз!» атты іс-шара жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Мерекелік жиынды мектеп директоры Н.Тасмұратұлы ашып, мұғалімдерді марапаттап, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтады.

Ата-аналар комитетінің төрағасы О. Назарбеков мерекемен құттықтап жылы лебізін білдірді.

Мерекелік шарада қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын насихаттайтын “Көктем келу” , "тұсау кесер” , "бесікке салу”, "сырға салу”, "тілашар”, "байғазы беру”, "сәбиді қырқынан шығару” дәстүрлерінен өнерлі оқушылар нақышына келтіре көрініс құрып, ән салып би-билеп көрермендерді тәнті етті. Спорттық ұлттық ойындармен жалғасты.

Наурыз-іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.

Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы-Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт-береке әкелсін!