Түркістан облысы Шардара қаласы Б Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Г.Бердибекова мен кәсіби бағдар беру педагогы Р.Сопбекованың жұмыс жоспарына сәйкес 18.11.2024 жылы 5"А" сынып оқушыларымен "Арманды қалай шындық өмірге айналдырамыз?" тақырыбында танымдық сағаты өткізілді. Ұйымдастарылған бұл шара оқушылардың болашаққа деген сенімін нығайтып, армандарына қол жеткізу жолдары туралы ойлануға шабыт береді. Мақсатымыз: оқушыларға арман мен мақсаттың айырмашылығын түсіндіру, арманды нақты жоспарға айналдыру жолдарын үйрету және олардың өмірге деген қызығушылығын арттыру болды. Танымдық сағат шығармашылық форматта өтті. Алдымен оқушыларға арманның орындалуы үшін негізгі қадамдар түсіндірілді.
1. Арманды нақтылау - арманды қағазға түсіріп, оны неғұрлым анық әрі нақты қалыптастыру.
2. Мақсат қою.
3. Жоспар құру.
4. Еңбек ету.
5. Оптимизм мен сенім.
Оқушылар топтарға бөлініп, "Арман карталарын" жасады. Бұл картада олар болашақта кім болғысы келетіндігін, болашақта қандай жетістіктерге жетуді армандайтынын бейнеледі.Балалардың шығармашылығы мен қиялы таңданарлық болды. Бірі ұшқыш болуды армандаса, енді бірі дәрігер немесе полиция қызметкері болғысы келетінін айтты. Іс - шара соңында әр оқушы өз армандарын орындауға мүмкіндік бар екенін түсінді. Бұл шара оқушыларға өз болашағын ойлауға, армандарын жүзеге асыруға алғашқы қадам жасаудың маңызды екенін ұғынуға мүмкіндік берді. Арманшыл оқушыларымыз алдағы уақытта үлкен жетістіктерге жететініне сенімдіміз!