Түркістан облысы, білім басқармасының 2024 жылдың 14-25 қазан күндері аралығында “Аралас мектептердегі мемлекеттік тілдің оқытылу сапасын жетілдіру” жобасы бойынша “Аралас мектептердегі мемлекеттік тілдің оқытылу сапасын арттыру: мақсат, функционалдық сауаттылық, патриотизм” тақырыбындағы онкұндіктің аясында Түркістан облысы, Шардара қаласы, Б.Соқпақбаев атындағы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Арынова Гүлпаршын Ғаппарқызы 17.10.2024 жылы жоспарға сәйкес “Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу” тақырыбында ашық сабақ өтті.
Ашық сабақтың мақсаты: Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен мән-маңызын кеңінен насихаттауға және ісқағаздарды мемлекеттік тілде сауатты жазу, толтыра білуге үйрету. Оқушылар сабақ барысында қазақ тілінде еркін сөйлеп, ісқағаздарды жүргізудің, өмірбаянның құрылымдарын түсініп өз беттерінше тапсырмалар орындады және ресми стильдің ерекшелігі мен тілдік бірліктеріне, баяндама жазудың үлгісіне талдау жасады.