Түркістан облысы Білім басқармасының "Білім беруді дамыту орталығының" жұмыс жоспарына сәйкес 09.10.2024 ж хаты негізінде Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 14 - 24 қазан күндері аралығында «Аралас мектептердегі мемлекеттік тілдің оқытылу сапасын жетілдіру» жобасы аясында "Аралас мектептердегі мемлекеттік тілдің оқытылу сапасын арттыру: мақсат, функционалдық сауаттылық, патриотизм" Жоспарға сәйкес 21.10.24 ж "Аралас мектеп педагогтерімен "КітапХан" тақырыбында тікелей эфир өткізілді. Мақсаты: тіл оқытушыларының кәсіби деңгейін көтеру және үздіксіз дамытуды қамтамасыз ету. Мемлекттік тілдің мәртебесін нығайтуға және білім беру саласында оның қолданылу деңгейін көрсетуге бағытталған. Әртүрлі этностардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік тілді оқыту, жазбаша және ауызша сөйлеу мәдениетін арттыру.