Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Түркістан облысы Білім басқармасының “Білім беруді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сайкес, 09.10.2024 хаты негізінде, Шардара аудандық Білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 14-24 қазан күндері аралығында “Аралас мектептерде мемлекеттік тілдің оқытылу сапасын жетілдіру" жобасы аясында "Аралас мектептердегі мемлекеттік тілдің оқытылу сапасын арттыру: мақсат, функционалды сауаттылық, патриотизм "тақырыбында онкүндік жоспарға алынды. Жоспарға сәйкес 2024 жылы 16 казанда "Аралас мектептердегі мемлекеттік тілдің оқыту сапасын арттырудың мән- маңызы атты тақырыбында ашық семинар өткізілді.Бұл ақпараттық семинардың мақсаты- аралас мектептердегі орыс сыныбындағы қазақ тілі сабағында оқушылардың қазақ тілінде білім сапасын көтеру үшін түрлі әдіс- тәсілдерді қолдана отырып,оқи , жаза, түсіне, сөйлесе білуге үйрету, дағдыландыру.