Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Түркістан облысы Білім басқармасының "Білім беруді дамыту орталығының“ жұмыс жоспарына сәйкес, 09.10.2024 хаты негізінде, Шардара аудандық Білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 14-24 қазан күндері аралығында "Аралас мектептерде мемлекеттік тілдің оқытылу сапасын жетілдіру" жобасы аясында "Аралас мектептердегі мемлекеттік тілдің оқытылу сапасын арттыру: мақсат, функционалды сауаттылық, патриотизм " тақырыбында онкүндік өтуде. Бүгін кезекті Мемлекеттік тіл-менің тілім” атты шара барысында Алаш қайраткерлерінің қазақ тілі туралы шығармаларын оқу челленджі ауданымыздағы М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектебіне жолданды.

Мақсаты: қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту, Алаш ардақтыларының шығармаларын оқыту,насихаттау. Этностық топтардың тілдерін дамыту бойынша этномәдени бірлестіктер базасында мемлекеттік тілді үйрету жұмыстарын жолға қою.