Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Бастауыш сынып апталығына бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдері ерекше көңілмен дайындалды. Құрылған жоспарға сай мұғалімдердің ашық сабақтарына тоқталсақ:

Мұғалімдер ашық сабақтарында жаңа инновациялық технологиялардың әдіс –тәсілдерін тиімділігіне қарай шебер қолдана білді. Сабақтардың құрылымы жүйелі құрылды. Сабақтарға бастауыш сынып мұғалімдері, мектеп әкімшілік қатысып, талдау жасалып, жақсы баға берілді. Мұғалімдер сабақ өткізудің түрлі формаларын практика жүзінде танытты.

Апталықта бүгінгі ,13 қазан күнгі ашық сабағын ,Ескараева Сулухан Еркебаевна 4 «Б» сыныбында дүниетану пәнінен, адам өмірінің қауіпсіздік негіздері бойынша «От-досымыз,от-жауымыз! » тақырыбында өткізді. Мұғалім сабақ жоспарын оқушылардың жас ерекшелігі, қызығушылығы мен білім деңгейлеріне сай құрастырды. Оқушылар сабаққа үлкен қызығушылық танытып, белсене қатысты. Мұғалімнің сабаққа дайындаған көрнекі құралдары эстетикалық талғамға сай болды.

Сабаққа бастауыш сыныптар меңгерушісі Айдарова Ж, директордың ғылыми жоба жөніндегі орынбасары Бердібекова Г,бастауыш сыныптың тәжірибелі ұстаздары Ш.Уалиханова ,Шайманова Айнұр,тәжірибе алмасу мақсатында, жас маман ұстаздарымыз да қатысты.

Ескараева Сулухан Еркебаевна оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыра түсіп, өз шығармашылығын шыңдап, педагогикалық шеберлігін көрсете білді. Оқушылар пән бойынша жақсы білім көрсеткіштерін көрсетті және білімдерін шыңдады. Бұл бастауыш сынып мұғалімдерінің ерінбей еткен еңбегі, өзара ынтымақтастықпен жұмыс істеуі арқасында келген жетістік деп ойлаймын.

Ендеше, ұрпағымыздың ертең қандай адам болып өсетіні — мұғалімдердің бүгінгі еңбегінің жемісі болмақ.

Ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз.