Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай «Ана- өмірдің шуағы» атты мерекелік жиын өтті.

Мерекелік іс – шараны мектеп директоры Сариев Нұржан Тасмұратұлы аяулы аналар мен ардақты қыз – келіншектерді, 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтап, осы жарқын мереке көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын, үйлеріңіз жылылыққа толы болсын. Сіздерге зор денсаулық пен баянды бақыт, отбасыларыңызға береке - бірлік, еңбектеріңізге мол табыс тілеймін деп сөзін қорытындылады.

Мереке қарсаңында 7-11 сынып оқушыларының өз өнерлерін көрсетіп, ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Ж.Ұлықпек және мектеп директоры Н.Сариев мереке қарсаңында ұстаздарымызды марапаттады.