Б.Сокпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқушыларды буллинг және кибербуллинг, аутодеструктивті мінез-құлықтың, ертежүктіліктің алдын алу және оқушыларға шабыт пен алға нық қадам басу үшін күйзелістен арылуға көмек беру мақсатында мектептің педагог-психологтары Л.Калиева, Н.Халмұратова 29.02-12.03 аралығында «Болашаққа - бақытпен қадам басу » тақырыбында психологиялық апталық өтілді. Ағымдағы жылдың 29 ақпан күні апталықтың ашылуы болып өтті. Апталық аясында 1 наурыз Алғыс айту күніне «Алғыс саған, жақсы жан!» тақырыбында оқушылар өздерінің алғыстарын ұстаздарға, кіші қызметкерлерге құттықтау хат арқылы білдірді. 2-11 сынып оқушыларымен 04-06 наурыз аралығында "Бақытқа жол" тақырыбында тренинг өткізді.
Тренингтің мақсаты: оқушыларға жаңаша серпін бере отырып позитивті көңіл-күй сыйлау, оқушылар арасындағы ынтымақтастықты арттыру.
7 наурыз күні оқушылардың көңіл-күйін анықтауға байланысты 5-11 сынып оқушыларынан сауалнама алынды. 11 наурыз күні мектеп ұжымымен "Мен ғажаппын" тақырыбында тренинг өткізілді. Бұл өткізілген іс-шаралар оқушылардың мінез-құлқының тұрақтылығын, алға деген сенімділігін қалыптастыруға септігін тигізді.