Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 1 "Ә" сынып оқушылары Сынып жетекшісі П.Әзтайдың ұймдастыруымен 1-наурыз алғыс айту күніне орай, "Алғыс -ізгі ниет" атты тақырыпта ашық сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: Азаматтық құқық білім туралы түсінігінің болуын, оқушылардың сыйластық құндылықтарды туралы түсініктерін кеңейту.
Оқушылар жанды жылытатын ізгі тілектер мен тақпақтар айтып, әсем әнмен би биледі.
Ризашылық пен алғыс туралы түсінік берілді. Алғыс айту күніне арналған сынып сағаты — оқушылар үшін тек қана білім алу ғана емес, сонымен қатар жүректерінде мейірімділік, құрмет пен ризашылық сезімдерін тәрбиелеу мүмкіндігі болды. Бұл шара балаларға өздерінің күнделікті өмірінде жақсылық жасаудың маңыздылығын түсінуге және осы құндылықтарды болашақта өмірлеріне енгізуге көмектесті. Сынып сағатының соңында балалар бір-біріне тілек айтып, барлық қатысушыларға ризашылығын білдірді. Алғыс айту күні әр оқушы үшін шынайы істер мен жүректен шыққан сөздермен жалғасып, үлкен тәрбиелік мәнге ие болды.